Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға жұмыс сапарымен келді
Фото: akorda.kz
Вашингтон қаласына (АҚШ) сапары аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің инаугурациялық отырысына қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып, бірқатар елдің көшбасшыларымен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми тұлғаларымен кездесу өткізеді.
Бұған дейін 2026 жылғы 18–19 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Вашингтонға жұмыс сапарымен баратыны хабарланған болатын.
Саммит барысында негізгі назар Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселелеріне, сондай-ақ өңірде бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақты гуманитарлық қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадамдарды әзірлеуге аударылады деп күтілуде.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript