БҚО-да жергілікті тұрғындарды бопсалаумен айналысқан ер адам ұсталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2025 16:40 Фото: Zakon.kz
БҚО полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері жергілікті тұрғындарды бопсалау арқылы ақша алған Орал қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады.

Күдікті әлеуметтік желіде әйелдің атын жамылып тіркеліп, жәбірленушілермен танысқаны анықталды.

Кездесуге келгенде күдікті өзін құқық қорғау және арнайы органдар қызметкері ретінде таныстырып, олардың әрекеттері заңсыз екенін айтып, олардан ақша бопсалаған.

Осылайша жәбірленушілер бопсалаушыға жалпы сомасы 3 млн теңгеден астам қаражат берген. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бопсалау фактісі бойынша 3 эпизодты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: