320 мың адамды алдаған: Заңсыз МҚҰ ұйымдастырушыларының 32 млрд теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды

Накопление, накопления, сбережение, сбережения, деньги, финансы, тенге, инвестирование, инвестиции, капитал, мошенничество, мошенники, мошенник, мошеннические схемы, вид мошенничества, финансовая пирамида, пирамида, финансовые аферы, финансовая афера, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2025 10:26 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматыда бірнеше микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) басшылығынан құны 32 млрд теңгені құрайтын мүлкі тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚҚА) 14 сәуірдегі ақпараты бойынша, қалалық прокуратураның үйлестіруімен "Creditum" МҚҰ, "Sofi Finance" МҚҰ, "Hava Finance" МҚҰ, "SF Offline" МҚҰ, "POS Credit" МҚҰ, "Сәлем Кредит" МҚҰ басшыларына қатысты алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактілері бойынша тергеуді жалғастыруда.

Бұған дейін хабарланғандай, аталған МҚҰ-дардың заңсыз әрекеттерінің салдарынан 327 мыңнан астам азамат зардап шекті, оларға келтірілген шығын көлемі 30 млрд теңгені құрайды.

Төлемдері кешіктірілген қарыз алушылар Hava.kz, Koke.kz, Tengo.kz компаниялармен кепілдік шарттарын жасасуға мәжбүр болған.

Бұл ретте, кепілгердің жауапкершілігі тек қарыз алушы қайтыс болған жағдайда ғана қарастырылған.

Бұл қызмет үшін бастапқы несие сомасынан бірнеше есе асып түсетін төлем алынып, азаматтарды қарызға батырған. Нәтижесінде, қарыз алушылар несие сомасынан 3-5 есе артық ақша төлеуге мәжбүр болған.

Микроқаржы ұйымдарының есепшоттарына 1,8 млрд теңге көлемінде тыйым салынды, сондай-ақ 30 млрд теңге мөлшерінде несие портфеліне шектеу қойылды.

МҚҰ ұйымдастырушысы 2 айға қамауға алынды.

Оның жалпы құны 225 млн теңге көлемінде 2 тұрғын үйі мен BMW X6, Toyota Tundra маркалы автокөліктеріне тыйым салынды.

Тергеу жалғасуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: