Қызылорда облысында жүк көлігі жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірді іліп кетіп, қиратты

Қызылорда облысында жүк көлігі KAZ-06 тас жолында жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірді іліп кетіп, қиратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 2025 жылы 16 сәуір сағат 15:00 шамасында Қызылорда облысындағы KAZ-06 - "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" тас жолының 1629-шақырымында болған.
"Қармақшы ауданы, "Қорқыт ата" кешені маңында SITRAK маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Қызылорда – Ақтөбе бағытымен қозғалып келе жатып, ірі габаритті жүктің тасымалдау ережесін бұзды. Салдарынан көлік жүгімен бірге жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірді соғып, оны толықтай қиратты", делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматының Алатау ауданында 14 сәуірде таңертең жол апаты болып, бір адам қаза тапқанын хабарлағанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript