Тоқаев Астана және Қазақстан Митрополиті Александрды марапаттады

Тоқаев Астана және Қазақстан Митрополиті Александрды марапаттады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2025 14:30 Сурет: akorda.kz
Президент Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы митрополит пен барша православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Православ шіркеуінің дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды насихаттауға, жас ұрпақты тәрбиелеу мен еліміздің бай мәдени мұрасын сақтауға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

Президент митрополит Александрды I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады. Бұл оның Қазақстандағы қызметіне 15 жыл толуына орай, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы еңбегі үшін беріліп отыр.

Сурет: akorda.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: