Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының жаңа орынбасарларын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 17 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарларын қабылдап, қызметтеріне табыс тіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Дмитрий Останькович пен Расул Ахметовті қабылдады.
Ақорда таратқан ақпаратқа сүйенсек, мемлекет басшысы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру ісінде ҚХА ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Сурет: akorda.kz
Сондай-ақ, кездесу барысында Президентке Ассамблеяның алдағы XXXIV сессиясына дайындық барысы және аталған институттың 30 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат берілді.
"Мемлекет басшысы мерейтойлық іс-шараларды ұйымдастыруға Ассамблеяның барлық этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарын кеңінен тарту маңызды екеніне назар аударды",- деп мәлімдеді Ақорда.
Кездесу соңында Президент этносаралық қатынастарды одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Айта кетсек, мемлекет басшысының өкімдерімен Расул Ахметов пен Дмитрий Останькович ҚХА Төрағасының орынбасарлары ретінде бүгін, 17 сәуірде тағайындалған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript