Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА төрағасының орынбасарларын қабылдады
Сонымен қатар Президентке ҚХА төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Ассамблеяның алдағы XXXII сессиясына дайындық барысы жөнінде есеп берді, делінген Ақорда хабарламасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев бірлік пен тұрақтылық қоғам өмірінің барлық саласында жүргізіліп жатқан кешенді реформалардың табысты болуының басты шарты екенін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, Ассамблея бұл міндетті жүзеге асыруда айрықша рөл атқарады.
Президент барлық этникалық топ өкілдері арасында өзара түсіністікті нығайту және Қазақстан халқын одан әрі ұйыстыру үшін жаңа тәсілдер мен жасалатын нақты қадамдардың маңызды екеніне назар аударды.
Кездесу соңында Президент ҚХА жұмысының маңызды бағыттарын атап өтті. Сондай-ақ Ассамблеяның алдағы сессиясында идеологиялық және практикалық сипаттағы бірқатар маңызды мәселе көтерілетінін айтты.