Жаңаөзенде шетелге грант ұтып алған оқушыны қатарластары көрсеқызарлықпен әбден соққыға жыққан

Скорая помощь, медицинская служба, машина скорой помощи, машины скорой помощи, автомобиль скорой помощи, карета скорой помощи, бригада скорой помощи, скорая медицинская помощь, скорая медпомощь, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2025 09:57 Фото: Zakon.kz
Жаңаөзенде "Білім-инновация" лицейінің 11-сынып оқушысын қатарластары соққыға жықты. Оған себеп – бозбаланың шетелдік жоғары оқу орнына грант жеңіп алуы. Бұл жетістігі кейбір сыныптастарының көреалмаушылығын тудырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымының ақпаратына сүйенсек, оқиға 16 сәуірде кешқұрым зардап шеккен оқушының үйінің жанында болған. Белгілі болғандай, шабуылды лицей президенті бастаған бір топ жасөспірім жасаған.

Қатты соққыдан кейін көмекке жүгіріп шыққан әкесі де жарақат алып, аяғы сынған.

Қазіргі таңда әкесі мен баласы Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасында ем қабылдап жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оқушы жабық бас-ми жарақатын, ми шайқалуын, беті мен маңдайы көгеріп, тізесі жарақаттанған. Ал әкесінің аяғы сүйегі сынған.

Басылымның жазуынша, ең сорақысы – лицей әкімшілігі бұл жағдайды жасыруға тырысуда. Тіпті жәбірленушіге оқиғаны жария етпеу үшін ақша ұсынылған.

Бұған дейін Теміртауда жедел жәрдем фельдшері әріптесін сабап ауруханаға түсіргендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: