Президент ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының тағы бір орынбасарын тағайындады
Фото: akorda.kz
Қазақстан Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің тағы бір орынбасары тағайындалды. Жаңа қызметке Ғұмар Серғазин лайықты деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті құжатқа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", – 2025 жылғы 28 сәуірде Ақорданың Telegram-арнасында жарияланған хабарламада айтылған.
Ғұмар Екпінұлы Серғазин - 1986 жылы, Қостанай облысында дүниеге келген.

Сурет: gov.kz
Білімі:
- Қазақ-Америка университеті, мамандығы – заңгер, (2008 ж.);
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, (2013 ж.);
- АЭХА Ядролық құқық институты (Австрия) (2015 ж.);
- А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік институты, мамандығы "электроэнергетика" (2020ж.);
Еңбек өтілі:
- "Астана қаласы Сарыарқа ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығы" ММ инспекторы, кеңесшісі, бас инспекторы, операциялық зал бастығының орынбасары (2008-2011 жж.);
- "БТА Банк" АҚ Заң департаменті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының Құқықтық сүйемелдеу бөлімінің заңгері (заң секторының меңгерушісі) (2011 ж.);
- Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінің Тұрғын үй қатынастары басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы (2011-2012 жж.);
- Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментінің Тұрғын үй қатынастары басқармасының бас сарапшысы (2013-2014 жж.)
- Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ішкі әкімшілік ету басқармасының басшысы, Заң басқармасының басшысы (2014 ж.);
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Заң басқармасының басшысы (2014-2016 жж.);
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті директорының орынбасары (2016-2017 жж.);
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары (2017-2023 ж.);
- ҚР Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры (2023 ж. наурызынан бастап).
2025 жылдың 25 сәуірінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының екі орынбасары: Тимур Жантикин мен Әсет Махамбетовты тағайындады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript