Шерзат Полаттың өлімі: сотталушы Аскентай Дарханның сыныптастары куәлік етті

Шерзат Полаттың өлімі: сотталушы Аскентай Дарханның сыныптастары куәлік етті, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2025 11:52 Сурет: Zakon.kz
2025 жылдың 29 сәуірінде Жетісу облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Талғардағы "Қамажай" дүкенінің жанындағы төбелеске қатысушылардың бірі Аскентай Дарханның сыныптастары куәлік етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот отырысында куәгерлерден жауап алу жалғасуда. Бұл ретте, сотталушы Аскентай Дарханның екі сыныптасы куәлік етті. Олардың бірі оқиға орнына барған және Дарханды ұстаған полиция қызметкері.

Сотта алдымен Дарханды "Қамажай" дүкенінің жанына көлігімен жеткізіп тастаған Еркебұлан Тоқтарбай жауап берді. Ол сотталушы Аскентай Дарханның сыныптасы екенін және өзге сотталушылар арасында Тоқтатаубаев Нұрбол мен Тоқтаубаев Азаматты танитынын айтты.

"Қазан айының 3 күні кешкі 18:00 шамасында Айдын есімді сыныптасымның үйіне кездесуге бардым. Онда біз менің автокөлігімді жөндедік. Содан 20:00 кезінде Дархан келіп, бір уақытта кетіп қалды. Шамамен 10 минут өткеннен кейін 2 литр сыра көтеріп келді. Оны Айдын мен Дархан ішті. Көлік 22:30 шамасында жөнделіп бітті, сомен біз қайттық",- деді ол.

Куәгер Дарханды ала кеткенін, жолай "Қамажай" дүкенінің маңында түсіргенін айтты. Бұл ретте, ол Дарханның телефон арқылы әлдекімдерден 1000 теңге сұрап жатқанын жеткізді.

"Ақша сұрап отырғанын құлағым шалып отырды. Дүкеннің маңына келгенде өзім қолма-қол 1000 теңге мөлшерінде ақша бердім. Сонымен, сол жерде қоштасып, түсіп кетті". Еркебұлан Тоқтарбай

Белгілі болғандай, Еркебұлан Тоқтарбай оқиға жайлы келесі күні әлеуметтік желіден білген.

Келесі куә – Жәнібек Әмірақын. Ол 2014 жылдан бері Талғар ауданы полиция басқармасында рота патрульдік полиция қызметін атқарады. Ол да сотталушы Аскентай Дарханның сыныптасы.

Жәнібек Әмірақын оқиға орнына жедел кезекшінің нұсқауы бойынша 4 қазанда 00:42 шамасында аттанғанын, онда 7-8 минут көлемінде жеткенін айтты. Оның сөзінше, ол мән-жайды оқиға орнында жиналып тұрған қауымнан білген.

"Баланың пышақталғанын, оны әкесі өзінің көлігімен емханаға алып кеткенін сол жердегі тұрғындардан білдім. Сондай-ақ, олар оқиға орнында мерседес және гольф автокөліктері болғанын айтты. Мұның бәрін кезекші бөлімге дереу хабарласып, мәлімдедім. Дүкеннің алдынан қанды байқадым",- деді ол.

Ол күдіктілерді іздестіру барысында Т.Рысқұлов ауылы маңынан қара гольф автокөлігін байқап қалғанын, алайда ішінде ешкімнің болмағанын айтты. Дегенмен, көп уақыт өтпей сол маңда күдіктілердің бірін ұстаған.

"Күдікті "Қамажай" дүкенінің маңындағы төбелеске қатысы бар екенін мойындады... Содан екінші экипажды шақырып, оны соларға табыстадық",- деді полиция қызметкері. 

Жәнібек Әмірақын алғашқы ұсталушы өзінің сыныптасы Аскентай Дархан екенін кейіннен білгенін айтты. Прокурорлардың "сыныптасыңызды қалай бірден танымадыңыз" деген сауалына, Дарханның оң жақ көзі ісіп тұрғанын әрі даланың қараңғы болғанын алға тартты.

Шерзат Полаттың ісі бойынша басты сот отырысы 2025 жылдың 10 сәуірінде Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында басталды. Бүгінде айыптау актісі оқылып, жәбірленушілер куәлік етті. Енді куәгерлер сот алдында жауап беруде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: