Алматыда жеке сектордағы алапат өрт сөндірілді

Өрт, Алматы, Мамыр-4, жеке тұрғын үй, шатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2025 13:38 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
11 мамырда түстен кейін Алматыда Әуезов ауданындағы жеке үйлердің бірінің шатыры өртенді. Көп ұзамай қызыл жалын жақын маңдағы қоймаға қарай тарай бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қабылданған шаралардың арқасында өрт 290 шаршы метр алаңда сөндірілді.

Нақтыланған ақпарат бойынша: жеке тұрғын үйдің шатырында өрт шығып, қызыл жалын жеке қоймаға қарай ұласқан.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

"Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел іс-қимылдарының арқасында көршілес құрылыстарға оттың таралуына жол берілген жоқ. Зардап шеккендер жоқ", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Өрт, Алматы, Мамыр-4, жеке тұрғын үй, шатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2025 13:38

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматыда жеке тұрғын үй өртеніп жатқанын хабарлағанбыз. Қала тұрғындары будақтаған қара түтіннің видеосын желіде бөліскен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: