"Бүгінгі таңым, әсте кофе ішуден басталмады". Танымал әншінің үйі өртенді

Қазақстандағы танымал әншілердің бірі Анатолий Цойдың үйі өртенді. Таңертең болған оқиғаның видеосын әнші желіге жүктеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Telegram-да жарияланған видеода өртті дер кезінде байқап, төтеншеліктерге өзі қоңырау шалғанын айтады.
"Міне, бүгінгі таңымыз. Әсте, кофе ішуден басталмады...", - деп жазды әнші видео сипаттамасында.
Оның айтуынша, жуынатын бөлмесі өртеніп кеткен. Ол бірінші қабатта түсірілген видеоны да жариялады. Одан үйдің іші қатты бүлінгенін көруге болады.
Анатолий Цой "MBAND" тобына өнер көрсеткен кезде танымал болды. 2020 жылы ұжым ыдырап, әнші жеке бөлініп шықты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript