Алматыда Ақбұлақ шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде тұтанған өрттен 12 адам құтқарылды

Пожарный, пожарные, пожарная служба, тушение пожара, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2025 16:41 Фото: Zakon.kz
Алматыда 2025 жылғы 15 мамырда Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағын ауданында орналасқан тұрғын кешендердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ТЖД мәліметіне сүйенсек, тұрғын кешендердің бірінде 4-қабаттағы пәтердің балконында өрт орын алып, жалын жоғарғы қабаттың балконына ауысқан.

"Тығыз отырғызылған ағаштар мен кіреберіс жолдардың жоқтығына қарамастан өрт сөндірушілердің кәсіби командасы өртті автомобиль сатысынан лафет оқпанын беру арқылы сөндірді. ТЖД күшімен баспалдақ маршымен құтқару қалпақшасының көмегімен 12 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды",- деп мәлімдеді ведомство.

Сондай-ақ, 1946 жылы дүниеге келген кейуана жану заттарымен уланып, ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды.

Бұған дейін Астанадағы сауда үйлердің бірінде өрт тұтанғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: