"Мылтықты жұлып алып, бірнеше рет ұрдым": сотталушы Шерзат Полат пен оның ағасын қалай соққыға жыққанын айтты

"Мылтықты жұлып алып, бірнеше рет ұрдым": сотталушы Шерзат Полат пен оның ағасын қалай соққығы жыққанын айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2025 15:10 Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 16 мамырда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша айыпталушы Нұрқияс Ілиясовтан жауап алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2024 жылғы 3 қазанда түнде Равиль екеуміз кафеға бардық. Бізге Дана, Эльмира қосылды, кейін басқа жігіттер келді. Шыңғыс Нұрбол Тоқтаубаевты ұрып кеткенін айтып, бізді сонда апарды. Ол жерде бір топ жігіттер болды. Біз амандасқымыз келгенде, олар ашуға булығып тұрды. Мен не болғанын сұрадым, бірақ жауап бермеді. Шерзат мені ұрды, Каржаубай Нұрымов пышақ алып шықты, ал Нұрқанат бізге қарай оқ атты. Жанымда Абзал Шынасыл болды. Сосын Шерзат Полат мені тағы да ұрды. Нұрқанат тағы да көздеп, оқ атты. Мен жалтарып үлгердім. Мен тоқтауды өтіндім, бірақ Нұрқанат өлтіретінін айтып, атпақ болды. Сол кезде мен ашуланып, оның қолынан мылтықты жұлып алып, бірнеше рет ұрдым. Артынша біз көлікке мініп, басқа дүкенге бардық. Кейін биатлон жаққа кеттік. Төмен түскенде бізді полиция ұстады. Барлығымызды РУВД-ға апарды," – деді Нұрқияс Ілиясов.

Нұрқияс Ілиясовтың айтуынша, төбелес 3-4 минуттан аспаған. Оның айтуынша, егер дүкен қызметкерлері пышақпен қорқытпағанда және оқ атпағанда, бұл оқиға болмас еді.

Келесі кезекте, сот Дидар Қалиахметті жауапқа тартпақ болды, бірақ ол әзірге жауап беруге дайын емес екенін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: