Петропавл тұрғындары әлеуметтік желілердегі "рейдтерді" тоқтату үшін ірі сауда желілерінен ақша бопсалаған

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2025 09:58 Фото: Zakon.kz
2025 жылдың 6 мамырында Петропавл қалалық сотының блогерлерге қатысты үкімі заңды күшіне енді. Олар "Магнум" және "Семейный" сауда желілерінен бопсалағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы хабарлады.

"Петропавл қаласының екі тұрғыны "Magnum" және "Семейный" сауда желілерінен "рейд" деп аталатын бейнетүсірілімдерді және әлеуметтік желілерде жариялауды тоқтату үшін ақша бопсалады деп айыпталды. Олар ұялы телефондарға сауда желілерінің дүкендеріне барғандарын жазып алып, жария етілген жағдайдаменшік иелерінің мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін ақпарат жинаған. Кейіннен жарияланымдар "Instagram" әлеуметтік желісінде және "Youtube" арнасында жүргізілген", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Сотталғандардың кiнәсi жәбiрленушiлердiң, куәлардың айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен және қылмыстық iстiң басқа да материалдарымен дәлелденді.

Айыптау үкiмi алқабилер алқасының қатысуымен шығарылып, екi адамға нақты мерзімі 7 жылға бас бостандығынан айыру түрiнде жаза тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: