Алматыдан 434 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды

Алматы, жер сілкінісі, 24 мамыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2025 09:00 Сурет: Zakon.kz
24 мамырда таңертең Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 434 шақырымда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 24 мамырда Астана уақыты бойынша 05 сағат 25 минутта жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 434 шақырымдағы Қырғызстанда орналасқан.

Жер сілкінісінің тербелестері еліміздің аумағында сезілмеді.

Айта кетсек, 23 мамырда Талдықорған қаласынан солтүстікке қарай 12 шақырым қашықтықта жер сілкінген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: