Павлодарда ашық терезе жақтауында тұрған кішкентай бала құтқарылды

Терезе, төтенше жағдай, Павлодар, кішкентай бала, құтқару, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2025 10:57 Сурет: pixabay
Павлодарда құтқарушылардың арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды. Төртінші қабаттағы ашық терезеден төменге қарап тұрған кішкентай қызды көрген сол маңдағы адамдар төтеншеліктерге бірден қоңырау шалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Толстой көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабаттындағы ашық терезеде кішкентай бала тұрғанын сол маңдағы адамдар көрген. Ол кез келген уақытта құлап кетуі мүмкін еді.

"Оқиға орнына жедел түрде құтқару бөлімшелері жіберілді. Құтқарушылардың бірі қызбен есіктің сыртынан сөйлесе бастады, ал басқалары альпинистік құрал-жабдықтың көмегімен төбеге шығып, терезеден пәтерге кірді", - дейді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Төрт жасар бала пәтерде жалғыз болған.

Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында қайғылы оқиғаның алдын алуға мүмкіндік туды. ТЖМ ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сәбилерді қараусыз қалдырмау қажеттігін тағы бәр мәрте ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: