Тоқаев Си Гохуаны қабылдады

Тоқаев Си Гохуаны қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2025 17:19 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы CITIC Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуаны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуде энергетика, мұнай-химия өнеркәсібі, автожол құрылысы, минералды сектор, ауыл шаруашылығы және басқа да негізгі салалардағы серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен оны нығайту перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев:  

  • Ақтау битум зауытын жаңғырту жобасын тиімді іске асырғаны үшін CITIC Group компаниясына алғыс айтты. Өндіріс орнындағы жұмыстар биыл сәуір айында мерзімінен бұрын аяқталды;
  • Қазақстанның сенімді инвестициялық серіктесі ретінде CITIC Group компаниясының қызметіне жоғары баға берді;
  • Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланысты нығайту бойынша белсенді жұмыс жүргізудің маңызын атап өтті.

Си Гохуа:  

корпорацияның мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту, мұнай құбырларын тарту, Орталық – Батыс автокөлік жолын жөндеу, астықты терең өңдеу жобаларын бірлесіп жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: