Астанада Есіл өзеніне әйел адам секіріп кетті - видео

Суға секіру, Астана, Есіл өзені, әйел адам  , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2025 19:35 Сурет: pixabay
ТЖМ құтқарушылары Есіл өзеніне секірген әйел адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға туралы төтеншеліктерге куәгерлер хабар берген.

"Бүгін Астананың Байқоңыр ауданында "Қараөткел" көпірінен 1995 жылғы келіншек Есіл өзеніне секіріп кетті. Оқиға күндізгі уақытта орын алып, куәгерлер оқиға туралы шұғыл қызметтерге дереу хабарлаған", делінген хабарламада.

Абырой болғанда, жақын маңда патрульде жүрген қалалық құтқарушылар оқиға орнына жедел жетті.

Әйел адам судан шығарылып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Содан кейін ол жедел жәрдем қызметіне тапсырылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Бұған дейін Бишімбаев ісінде танылған сарапшы Халимназаров сотта Шерзатты қандай жағдайда құтқаруға болатынын айтқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: