Атырауда әйел адам Жайық өзеніне секіріп кетті

Өзен, Атырау, әйел адам, Жайық өзені, секіру, құтқару, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2025 21:51 Сурет: pixabay
Атырау қаласындағы орталық автокөлік көпірі ауданында 2025 жылы 18 маусымда әйел адам Жайық өзеніне секіріп кеткен. Шұғыл байланыс желісіне оқиға куәгерлері хабарласып, оқыс оқиғаның орын алғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына құтқарушылар жедел аттанып, шұғыл операцияға бірден кіріскен.

"Әйел адам дер уақытында құтқарылды, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Бұған дейін Талдықорғанда өзенде шомылып жүрген баланың аяғына арматура кіріп кеткені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: