Қызылорда облысында жаңа көліктер тиген арнайы көлік өртенді

Бүгін, 2025 жылы 2 маусымда Қызылорда облысында "Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент" тас жолында жаңа көліктерді тиеген арнайы автокөлік өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт шыққан арнайы көліктің тіркегішінде алты автокөлік болған.
"Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері жедел жетіп, өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында от қысқа мерзімде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталудаә, делінген хабарламада.
Бұған дейін Абай облысында 20 тонна көмір тиеген жүк көлігі өртеніп кете жаздағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript