Бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты сот отырысы жабық есік жағдайында өтеді

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта Сәкен Мамашаның ісі қаралып жатқаны бұған дейін хабарланған болатын. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы («Азаптау») бойынша айып тағылуда. 2025 жылдың 4 сәуірінде полиция бұрынғы дипломаттың ұсталғаны туралы хабарлады., сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2025 11:59 Сурет: Zakon.kz/Бауыржан Мұқанов
Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Артур Әбдіханов Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамаштың ісі бойынша сот отырысы жабық есік жағдайында өтеді деп шешті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Басты сот талқылауына дайындық ашық режимде өтуде. Материалдар тараптардың интимдік өміріне қатысты болғандықтан, сот процестің жариялылығын шектеді. Дегенмен, сот үкімі көпшілікке жарияланады. Сот отырысының ашық бөлігінде судья баспасөзге Сәкен Мамаштан басқа процеске қатысушылардың барлығын фото және видеоға түсіруге рұқсат берді.


"Жәбірленуші тараптың істі жабық сот отырысында қарау туралы өтініші ішінара қанағаттандырылды. Басты сот талқылауының дайындық бөлімі ашық сот отырысында өтеді. Сот тергеуі сатысынан бастап бұл сот отырысы жабық сот отырысында өтуі тиіс", – деді Артур Әбдіханов.

Сәкен Мамаштың адвокаты Бейбітжан Сайлауұлы бұлтартпау шарасын жұмсартуды сұрағанымен, сот бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз таппады.

Карина Мамаш отбасылық өміріне қатысты интимдік мәліметтердің жариялануын қаламағандықтан, сотты жабық өткізуді сұрады. Сәкен Мамаш соттың ашық өтуін қолдады, бірақ оның фотосы мен видеосын жариялауға қарсы болды.

Сәкен Мамаш әйелі Каринаны 10 жыл бойы ұрып-соғып келгені 2024 жылдың 6 мамырында белгілі болды. Содан кейін әйел белсенділердің көмегіне жүгініп, әлеуметтік желіде басынан өткен оқиғаны айтып берді. Ол күйеуін дипломатиялық мәртебесінен айыруды және түрмеге жабуды сұрады. Осыдан кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі жауап беріп, Астана полициясы қылмыстық іс қозғады.

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта Сәкен Мамашаның ісі қаралып жатқаны бұған дейін хабарланған болатын. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы ("Азаптау") бойынша айып тағылуда. 2025 жылдың 4 сәуірінде полиция бұрынғы дипломаттың ұсталғаны туралы хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: