Мас күйінде көлік жүргізетіндерге рақымшылық жасалмайды – Әсет Чиндалиев

Бұған дейін Мәжіліс рақымшылық туралы заң қабылдағаны хабарланған болатын., сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2025 11:23 Сурет: Zakon.kz/Бауыржан Мұқанов
Бүгін, 2025 жылдың 11 маусымында Мәжіліс отырысында Бас Прокурордың орынбасары Әсет Чиндалиев адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы үшін сотталғандарға рақымшылықтың әсер етпейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол заң жобасын әзірлеушілер Мәжіліс депутаттары көпшілік дауыспен мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасаған тұлғаларға амнистияны қолданбауға дауыс бергенін атап өтті.

"Мен де қолдаймын, себебі әртүрлі санаттар бар: мас жүргізушілері бар, куәлігінен айырылғандар бар. Бұл адам қазірдің өзінде жауапқа тартылды, мүмкін көлікті мас күйінде басқарған шығар, мүмкін жол апатына ұшырап, соның кесірінен куәлігінен айырылған. Оған әкімшілік шаралар қолданылады: айыппұл және әкімшілік қамауға алу. Бірақ ол бұдан ешқандай қорытынды шығармай, рөлге отырып, апатқа ұшырад делік. Мұны қоғам қалай қабылдауы керек? Жол-көлік оқиғасының барлығында зардап шеккен тарап бар. Біз зардап шеккендердің құқығын құрметтеуіміз керек. Өйткені біреу анасынан, ағасынан, қарындасынан айырылды", – дейді Әсет Чиндалиев.

Бұған дейін Мәжіліс рақымшылық туралы заң қабылдағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: