Алматыда дүкенге шыққан 89 жастағы қейуана үйіне жетпей, көз жұмды

Қайғылы оқиға, Алматы, Три богатыря, тұрғын үй кешені, дүкен, 89 жастағы кейуана  , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2025 20:58 Сурет: Zakon.kz
11 маусымда Алматыда "Три богатыря" тұрғын үй кешені маңындағы дүкен алдында 89 жастағы кейуана көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қауіпсіздік камераларындағы бейнені сүзіп шыққан сатушының айтуынша, қария дүкеннен шыққан соң құлаған.

Осы уақытта артқа қарай қозғалған "Газель" зейнеткерді іліп кеткен. 

Куәгерлердің айтуынша, соққыдан кейін де егде жастағы әйел тірі болған, тіпті су да ішкен.

Алайда кейінірек оқиға орнына жеткен жедел жәрдем дәрігерлері оның өлімін тіркеді. 

Сондай-ақ ақ халаттылар егде жастағы әйелдің бір жақ қырында гематома барын айтқан. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: