Қостанайда өрт сөндірушілер екі баланы құтқарды

Құтқару, Қостанай, өрт сөндірушілер, екі бала , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2025 21:16 Сурет: Instagram/112qostanai
Қостанайда ТЖМ қызметкерлері үш адамды, оның ішінде екі баланы құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көп қабатты үйдің алаңдаулы тұрғындарынан өздеріндегі пәтерлердің бірінен бықсу иісі шығатыны туралы  112 пультіне хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері, соның ішінде Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жедел аттанды.

Оқиға орнына келген құтқарушылар дереу барлау және эвакуациялау жұмыстарына кірісті.

"Қатты түтін кезінде өрт сөндірушілер пәтерге кіріп, үш адамды, оның ішінде екі баланы далаға шығарды. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ". Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Түтіннің шығуына қосулы пеш үстінде қараусыз қалып кеткен ыдыстағы тамақтың жануы түрткі болған.

Өрттің таралуына жол берілмеді, зардап шеккендер жоқ. 

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылында болған өрт салдарынан бір отбасының бес баласы қаза тапқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: