Алматыда түн жарымында жаппай төбелес орын алды

Әлеуметтік желілерде Алматыда ер адамдардың төбелескен видеосы тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мегаполис полициясының ақпаратынша, Бостандық аудандық полиция басқармасында бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
"Оқиғаға қатысқандардың барлығы "ізін суытпай" ұсталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған оқиға бойынша "102" нөміріне ешқандай қоңырау не дабыл келіп түспеген. Бұл патрульдік қызметтердің белсенді әрі бастамашыл жұмысын тағы бір мәрте көрсетіп отыр", – делінген хабарламада.
Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтау мен құқықбұзушылықтарға бейжай қарамауға шақырды.
Бұған дейін жетісулық блогердің кәсіпкерден 10 миллион теңге бопсалағаны үшін алты жылға сотталғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript