Алматыда дауыл кезінде үстіне әйнек құлаған әйел аман қалды
Фото: Zakon.kz
Абырой болғанда, дәл сол жерде 7-қалалық аурухананың хирургі Ғазиз Төлепбергенов болған. Дәрігер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауыр жарақат алған әйелдің өмірін сақтап қалды.
Сол күні дәрігер Ғазиз Төлепбергенов демалыста еді. Кешке қарай базарға келеді. Сағат алтыдан кейін сауда орны ақырындап жабылып жатқан. Азық-түлік дүкенінде жұмыс істейтін Райхан Есалиева да үйіне қайтуға ыңғайланып, сыртқа бет алады. Кенеттен дауыл соғып, ғимараттың үстіңгі шыны қабырғасы құлап түседі.
Жанұшыра шырқырай шыққан дауысты естіген Ғазиз Құнанбайұлы бірден көмекке ұмтылады. Білек тұсының сүйекке дейін кесілгенін байқайды. Сол жерде табылған орамалмен байлап қанды тоқтатады. Жедел жәрдемді бірге күтеді. Жалғыз фельдшердің келгенін көрген соң науқаспен ауруханаға ілесіп барады.
Бұған дейін Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мәлімдеме жасағаны хабарланған болатын.