Ақтөбеде жоқ пәтерді жалға берген бойжеткен ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2025 09:56 Фото: Zakon.kz
Ақтөбе қаласында бірнеше азамат пәтерді жалға алу кезінде алаяқтықтың құрбаны болды.

Жәбірленушілердің айтуынша, олар Telegram мессенджерінен пәтерді ұзақ мерзімге жалға беру туралы хабарландыру тапқан.

Алайда алдын ала төлем жасағаннан кейін хабарландыру авторы байланысқа шықпай қойған. Азаматтар алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 18 жастағы күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Тергеу барысында күдіктінің кем дегенде бес адамды жоқ пәтерді жалға беремін деп алдағаны белгілі болды. Ол жәбірленушілерден алған қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қазіргі уақытта алаяқтық факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция департаменті ақпаратты тексермей, бейтаныс адамдарға алдын ала төлем жібермеуді ескертеді.

Тұрғын үйді жалға аларда міндетті түрде өз көзіңізбен қарап шығып және келісімшартқа қол қойыңыныз абзал және жалға берушінің жеке басы мен пәтердің құжаттарын мұқият тексеріңіз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: