Астана тұрғыны жоқ пәтерді жалға берген
Сурет: freepik
Полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен Астана тұрғынын ұстады. Тергеушілердің мәліметінше, әйел жоқ пәтерлерді жалға беріп, олар үшін алдын ала төлем алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана Полиция департаментінің мәлімдеуінше, екі жәбірленуші Алматы облысында пәтер жалдамақ болғанын айтып, полицияға өтініш берген. Оларды түрлі-түсті фотосы мен жарнамасы бар төмен бағадағы пәтер қызықтырған. Екеуі пәтер "иесіне" аванс ретінде төлем жіберген. Ал әйел жалға алушылармен мессенджер арқылы ғана хабарласып, мобильді банкинг арқылы ақша алған. Қаражатын алғаннан кейін байланысқа шықпаған.
Тәртіп сақшылары Алматы облысында жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен 35 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексiнің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Қазір полицейлер ұсталған азаматтың Астанада осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Құқық қорғау органдары жәбірленушілер көп болуы мүмкін деп болжап отыр".Астана ПД
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript