"Оттық ұстап тұрған". Өскемендік азаматтың бензин құйдыртып жатқанда көлігі өртенді

Өрт, Өскемен, оттық, бензин, көлік, жанар-жағармай құю бекеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2025 22:42 Сурет: видеодан алынды
Өскемендегі жанар-жағармай құю бекетінде оқыс оқиға орын алды. От тұтатқыштың кесірінен бензин құйдыртып жатқан көліктердің бірі өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өскемен қаласының ТЖ басқармасы жанар-жағармай құб бекеті бензин және дизель отыны сияқты тез тұтанатын заттарды сақтау және пайдалану салдарынан өрт қауіпті объектілер болып табылатынын еске салады.

"Өскемен қаласында жергілікті жанар-жағармай құю бекетіне келуші көлігіне бензин құйдырту кезінде от ұшқынының пайда болуына жол берген, бұл өрттің туындауына және адамдардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Аталған азамат өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны немесе орындамағаны үшін жауапкершілікті көздейтін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ҚР ӘҚБтК) 410-бабы бойынша жауапқа тартылды". ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Өскемен қаласының ТЖ Басқармасы жанар-жағармай құю станциясына келушілер үшін өрт қауіпсіздігінің мына басты ережелерін есте сақтау керектігін еске салады:

  • темекі шегуге және ашық отты пайдалануға тыйым салынады.
  • көлік құралына бензин құю кезінде қозғалтқышты өшіру керек.
  • қауіпті жүктерді (жарылғыш заттар, газдар, радиоактивті материалдар және т.б.) тасымалдайтын көлік құралдарына жанармай құюға тыйым салынады.
  • салонда жолаушылары бар көлік құралдарына жанармай құюға тыйым салынады (4 және одан да көп есіктері бар жеңіл автомобильдерді қоспағанда).
  • жанар-жағармай құю бағанына алдыңғы көлікке 1 метрден жақындауға тыйым салынады және көліктер арасында маневр жасау үшін орын қалдыру керек.
  • егер ол резервуардың мойнына орнатылмаған болса, жанармай құю пистолетінің тұтқасын басуға тыйым салынады.
  • найзағай кезінде мұнай өнімдерімен жұмыс істеуге тыйым салынады.

Айта кетсек, Жамбыл облысында әйелінің несиеге алған көлігін өртеп жіберген ер адам сотталған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: