Тоқаев Канаданың генерал-губернаторын құттықтады
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеде Канаданың генерал-губернаторына құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мейрам – Канада күніне орай Генерал-губернатор Мэри Саймонға құттықтау жеделхатын жолдады.
Қазақстан Президенті бұл айтулы дата Канада жұртшылығының ынтымақ-бірлігін көрсететінін, сондай-ақ мемлекеттің орнықты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет етуге берік негіз қалайтынын атап өтті.
"Мемлекет басшысы Генерал-губернатордың жауапты қызметіне табыс, ал Канада халқына бақ-береке тіледі",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Мемлекет басшысының Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдағаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript