Мемлекет басшысы Канаданың Премьер-министрін құттықтады

Бұған дейін Тоқаев жерлестерін Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаған болатын. Елбасының айтуынша, бұл мереке ерекше мәнге және мазмұнға толы., сурет - Zakon.kz жаңалық 01.05.2025 12:55 Сурет: akorda.kz
Бүгін, 2025 жылғы 1 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев федеральдық сайлауда Канада Либералдар партиясының жеңіске жетуіне орай Премьер-министр Марк Карниге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың Telegram-арнасында атап өткендей, Мемлекет басшысы Астананың Оттавамен көпжоспарлы серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтті. Сонымен қатар экономиканың түрлі секторындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.

АҚШ президенті Дональд Трамптың "51-ші штат" туралы әңгімесі тұсында Канададағы кезектен тыс жалпы сайлауда премьер-министр Марк Карни басқаратын Либералдық партия жеңіске жетті. Карнидің партиясы федералды парламенттегі 343 орынның 168-ін жеңіп алды, бірақ бір партиялық үкіметті құруға қажетті 172 мандатқа жетпей қалды.

Бұған дейін Тоқаев жерлестерін Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаған болатын. Президенттің айтуынша, бұл мереке ерекше мәнге және мазмұнға толы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: