Президент Молдаваның Сыртқы істер министрін қабылдады

Президент Молдаваның Сыртқы істер министрін қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2025 15:03 Сурет: akorda.kz
Президент 2025 жылғы 2 шілдеде Молдова Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Михай Попшойды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек, кездесу барысында қазақ-молдован байланыстарын дамыту перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Молдова елшілігінің ашылуы екі елдің өзара достық қарым-қатынас пен сан қырлы серіктестікті нығайтуға ұмтылысын көрсететін айтулы оқиға екенін айтты.

"Өз кезегінде Михай Попшой Мемлекет басшысымен бірге барша қазақстандық дипломаттарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, қазіргі халықаралық жағдайда дипломатияның ерекше рөл атқаратынына тоқталды",- делінген ақпаратта.

Сурет: akorda.kz

Әңгімелесу барысында өзара мүддеге сай келетін түрлі салада экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективасы қарастырылғаны атап өтілді.

"Кездесу соңында Мемлекет басшысы Молдова Президенті Майя Сандуға ыстық ықыласын жолдады",- деп түйіндеді Ақорда.

Бұған дейін Тоқаевтың Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізгендігін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: