Крит аралында орман өрті күшейіп, 1500 адам эвакуацияланды

Степной пожар, степные пожары, пожар в степи, тушение пожара, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2025 12:54 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Грекияның Крит аралында орман өрті бақылаудан шығып барады. Лапылдаған от үйлерді шарпып, 1500-дей адамды эвакуациялауға тура келді.

Қонақүйлер мен жалдамалы бөлмелердің тұрғындары да көшіріліп жатыр. 200 адам стадиондарға орналастырылған.

Сонымен қатар, Криттегі барлық госпитальге ескерту жасалды, деп жазады qazaqstan.tv.

Соңғы мәліметке қарағанда, түтіннен төрт қарт адамның тыныс алуы қиындап, ауруханаға жеткізілді.

Алты шақырымға созылған өртті сөндіруге арнайы мамандармен бірге полицейлер мен еріктілер тартылып жатыр.

Айта кетсек, орман өртіне байланысты Түркияда осы аптада 50 мыңдай адам эвакуацияланды. Ал Еуропа елдерінде аптап ыстықтан 6 адам қаза тапқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: