Франциядағы орман өрті: 100-ден астам адам жараланды

Степной пожар, степные пожары, пожар в степи, тушение пожара, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2025 15:19 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Францияда алапат орман өрті Марсель қаласының шетіне жетті.

Соңғы мәліметке қарағанда, тілсіз жаумен күрес кезінде 100-ден астам адам жараланған.

Олардың арасында полицияның 22 офицері мен 9 өрт сөндіруші бар.

Қала мэрі жалын басылып келе жатыр, бірақ әлі толық бақылауға алынған жоқ деп мәлімдеді.

Жергілікті ақпарат құралдары хабарлағандай, 400 адам үйлерін тастап кеткен, деп жазады qazaqstan.tv.

Марсельдің солтүстігінде басталған алапат өрт, 700 гектар аумақты күлге айналдырды.

Ал дүйсенбіде аптап ыстық пен ұйытқыған желден Францияның өзге аудандарына да от тез тарап, 2 мың гектар жасыл желек жанып кетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: