Денсаулық сақтау министрлігі туристік маусымға байланысты маңызды мәлімдеме жасады

Африка, Денсаулық сақтау министрлігі, туризм, мәлімдеме , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2025 09:50 Сурет: pixabay
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі туристік сапарлардың өсуіне байланысты Қазақстанға тән емес қауіпті инфекциялардан сақтануға қатысты ескерту жасап, бірқатар кеңестермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қауіпті өңірлер: Африка, Оңтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия - ылғалды климатқа және тропикалық аурулардың жоғары концентрациясына байланысты:

  • жоғары жұқпалылық;
  • дерттің ауыр жүруі;
  • емдеудегі қиындықтар.

Жұқтыру жолдары:

  • ластанған су және тамақ;
  • масалардың шағуы;
  • науқастармен байланыс;
  • жыныстық жол.

Инфекциялардың профилактикасы:

Тырысқаққа қарсы (Үндістан, Африка, Йемен және т. б.):

  • күмәнді сападағы суды ішпеу;
  • тек бөтелкедегі/қайнатылған суды ішу;
  • көкөністерді/жемістерді жуып, қайнаған су құю;
  • дәретханадан кейін, тамақтанар алдында және т. б. қолыңызды сабынмен жуу.

Безгекке, Денгеге қарсы және т. б. (Африка, Азия, Латын Америкасы):

  • жабық киім кию;
  • репелленттерді қолдану;
  • москит торларын қою;
  • фумигаторлар мен аэрозолдерді қолдану.

ҚР ДСМ аурудың алғашқы белгілері кезінде өз бетінше емделмей, дереу дәрігерге хабарласу керектігін ескертеді. 

Фактілер мен статистика:

  • 17 өткізу пункті санитариялық-карантиндік бақылаумен қамтамасыз етілген;
  • күн сайын ҚР шекарасынан 50 000 адам өтеді;
  • 5 айда: 2,6 миллион адам.

Құзырлы ведомство 2025 жылдың барысында температурасы бар 43 жолаушы анықталып, оларға көмек көрсетілгенін де нақтылайды.

Сапар алдындағы кеңестер:

  • Баратын елдегі эпидемиологиялық жағдайды зерттеңіз.
  • Дәрігерден профилактикалық консультация алыңыз.
  • Жолға негізгі қорғаныс жиынтығын алыңыз.
  • Жауапты болыңыз - саяхатта денсаулығыңызды сақтаңыз!

Айта кетсек, 2025 жылы 4 шілдеде Алматыда China Eastern Airlines әуе компаниясының Шанхай – Алматы бағытындағы жаңа тікелей рейсі іске қосылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: