Денсаулық сақтау министрлігі вакцинацияға қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрлігі 27 сәуірде Қазақстанда Еуропалық иммундау апталығы басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрлік мәліметінше, апталық 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында "Барлығын иммундауға қол жеткізу – біздің қолымызда" ұранымен өтеді.
Аптаның мақсаты – вакцинациялау өмірді сақтайтынын еске салу.
"Егудің арқасында Қазақстанда 1996 жылдан бастап полиомиелит, 2009 жылдан бастап дифтерия тіркелмеген. Эпидпаротитпен сырқаттанушылық 100 еседен астам, А гепатиті — 32 есе, В гепатиті — 92 есе, қызамық — 2000 еседен астам төмендеді",- делінген ақпаратта.
Белгілі болғандай, иммундау бағдарламасы 21 инфекциядан қорғауды қамтиды.
Бұл ретте, 2024 жылдан бастап Ұлттық күнтізбеге 11-13 жас аралығындағы қыздарға арналған АПВ-ға қарсы вакцинациялау қосылды. Қазіргі уақытта бір дозамен 11-13 жастағы 133 169 қыз, екі дозамен – 21 194 қыз егілді.
Бұған дейін Қостанай облысында пойыз трактормен соқтығысып, оның жүргізушісі оқиға орнында көз жұмғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript