Алматыда әуежайда кішкентай бала зардап шекті

Әуежай, Алматы, бала, зардап шекті, әйнек, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2025 15:57 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматының халықаралық әуежайында оқыс оқиға болды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Онда баланың басына сынған әйнек түскені айтылады. Әуежайдың баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына бұл арада шын мәнінде не болғанын айтып берді.

Әлеуметтік желіде сынған әйнектің бір бөлігі баланың маңдайына түскені айтылады. Куәгерлердің айтуынша, жолаушылар балаға көмектескен.

Zakon.kz тілшісі жолдаған сауал бойынша 2025 жылдың 5 шілдесінде мынандай жауап келіп түсті. Белгілі болғандай, ішкі рейстер терминалында бала жүгіріп ойнап жүріп, кенеттен аралық бөліктегі әйнек витражға соғылған.

"Қауіпсіздік қызметкерлері жедел әрекет етіп, әуежайдың медициналық қызметін шақырып, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем бригадасына қоңырау шалды. Әуежайдың кезекші медицина қызметкерлері жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін зардап шеккен балаға алғашқы медициналық көмек көрсетті". Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Сондай-ақ, баланың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрмағаны белгілі. Жауап хаттың соңында ата-аналарға да үндеу жасалған.

"Алматы әуежайы кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарын неғұрлым жауапты болуға және балаларына қатысты бақылауды күшейтуге шақырады. Қоғамдық орында қажетті мінез-құлық нормалары мен ережелерін сақтау маңызды". Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Айта кетсек, Қостанайда ағаш басында сегіз күнін өткізген мысық құтқарылған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: