Қостанайда ағаш басында сегіз күнін өткізген мысық құтқарылды
Сурет: pexels
Қостанайда "112" қызметіне тұрғындардан үй ауласындағы биік ағаштың басында сегіз күн бойы мысықтың отырғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға орнына кезекші ауысым дереу аттанды.
"Мысықтың биіктігі алтыншы қабат деңгейінде, ал бұтақтары тым жіңішке болғандықтан, автосатыны қолдану туралы шешім қабылданды. Құтқарушылар жануар құлап кеткен жағдайда жарақат алмауы үшін құтқару төсенішін алдын ала жайып қойды. Арлық қауіпсіздік шаралары қолданылғаннан кейін құтқарушылар мысықты қолмен абайлап түсіріп, еш зақым келтірместен жерге жеткізді", делінген хабарламада.
Мысық мейірімді адамдардың қолына табысталды. Куәгерлер құтқарушыларға кәсібилігі мен жанашырлығы үшін алғыс айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript