Алматыдағы ауыр жол апаты: автобус Audi мен ішінде бала отырған Tank көлігін бірге іліп әкетті

Жол апаты, Алматы, Жангелдин, автобус, Audi, Tank көлігі , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2025 16:58 Сурет: Zakon.kz
2025 жылдың 5 шілдесінде Алматыда қоғамдық көліктің қатысуымен кезекті жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жангелдин мен Жүргенов көшелерінің қиылысында №8 автобус, Audi 80 және Tank 500 жол талғамайтын көлігі соқтығысты.

Audi, жол апаты, Алматы, автобус, Жангелдин көшесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2025 16:58

Сурет: Zakon.kz

Қоғамдық көлік жүргізушісінің айтуынша, ол Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Осы уақытта Жүргенов көшесімен арадағы қиылыстан Audi жолға атып шығады. Көлік алдымен тоқтап, автобусты өткізіп жібермек болады, бірақ содан кейін кенеттен ол жүрісін жалғастырып, автобус алдына кесе көлденең шыққан.

Автобус, Алматы, жол апаты, Audi, Tank , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2025 16:58

Сурет: Zakon.kz

Автобус жеңіл көлікті іліп кетеді. Қозғалыс барысында ол жол шетінде тұрған Тank 500-ге барып, жапсырыла соғылады. Ал ол көлік ішінде гүл сататын дүкенге кіріп кеткен әкесін күтіп кішкентай қыз отырған.

Осыдан кейін автобус 20 метрге дейін жол талғамайтын көлікті де сүйреп әкетеді, бақытқа орай оның ішіндегі бала қатты зардап шекпеген.

Tank, жол апаты, Жангелдин көшесі, Алматы, автобус, Audi , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2025 16:58

Сурет: Zakon.kz

Жол апаты кезінде автобуста 7-8 жолаушы болған, олардың ешқайсысы медициналық көмекке жүгінбеген. Бірақ Audi жүргізушісі салон ішіне қысылып қалған. Құтқарушылар оны мыжылған көліктен алып шығуға мәжбүр болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: