Атырауда 17 келіден астам есірткі тәркіленді

Атырау облысында 1 маусым мен 31 қазан аралығында есірткі қылмыстарының алдын алу және онымен күресу мақсатында "Қарасора — 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2025 15:37 Сурет: ҚР ІІМ
Атырау облысында 1 маусым мен 31 қазан аралығында есірткі қылмыстарының алдын алу және онымен күресу мақсатында "Қарасора — 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Шара басталғалы бері есірткіге қатысты 13 құқық бұзушылық дерегі тіркелді. Оның ішінде 5 дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, ал 8 жағдай әкімшілік құқық бұзушылық ретінде рәсімделді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы салмағы 17 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді.

Сонымен қатар Атырау қаласында синтетикалық есірткі затын тасымалдаған күдікті ұсталды.

Тексеру барысында 25 дана синтетикалық есірткі тәркіленіп, олар заттай дәлелдеме ретінде тіркелді.

Сот шешімімен күдіктіге екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Аталған бағыттағы жұмыстар өңірде жүйелі түрде жалғасын табады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: