Алматы тауларында жабайы қабандар Ресейден келген туристерді қоршап алған

Горы, гора, горная местность, Кок-Жайляу, Иле-Алатауский государственный национальный природный парк, урочище Кок-Жайлау, тучи, тучность, облачность, пасмурная погода, пасмурность, дождливая погода, туризм, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2025 11:26 Фото: Zakon.kz
Көкжайлауда ерекше оқиға болды. Онда қабандар Ресейден келген екі туристтің жолын жауып тастаған. Алматының құтқару қызметі бұл серуеннің қалай аяқталғанын Zakon.kz тілшісіне айтып берді.

Белгілі болғандай, 2025 жылдың 9 шілдесі күні кешкісін сағат 18:45-те Алматы қаласының "109" құтқару қызметіне Ресейдің екі азаматы хабарласқан.

Белгілі болғандай, Көкжайлау жолынан түсу кезінде әйелдердің жолын бір топ жабайы қабан бөгепті.

Бес құтқарушы бірден оқиға орнына "БАУ" бекетінен шыққаг. Сағат 20:24-те құтқарушылар туристермен визуалды байланыс орнатты.

"Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін, әйелдердің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ екеніне көз жетті", – деп атап өтті мамандар.

Сондай-ақ, барлық туристерге ескертілді:

  • Тауға барған кезде ауа-райы мен физикалық белсенділікті ғана емес, жабайы жануарлармен кездесу мүмкіндігін де ескеріңіз.
  • Қауіпті жағдайда дереу 109 нөміріне хабарласыңыз.

Кеше Ақмола облысының Бурабай ауданындағы Бөлектау тауында да құтқарушылар 58 жастағы әйелге көмекке келді. Қан қысымы жоғары болғандықтан, ол өздігінен түсе алмады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: