Таразда трамадолды заңсыз өткізудің жолы кесілді

Лекарственные препараты, лекарства, лекарство, аптека, аптеки, цены на лекарства, медикаменты, таблетки, цены на лекарство, стоимость лекарств, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2025 10:17 Фото: pexels
2025 жылдың 11 шілдесінде Жамбыл облысы прокуратурасы берген ақпаратқа сай, Таразда трамадолдың заңсыз айналымы және психотроптық пен есірткі заттарды медициналық мақсатта қолдану саласындағы бұзушылықтар анықталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараз қаласының прокуратурасының тапсырмасы бойынша қалалық ПБ ЕҚҚБ-нің қызметкерлерімен жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп, нәтижесінде трамадолды заңсыз өткізудің схемасы әшкереленіп, жолы кесілді.

Атап айтқанда, Алматы қаласынан Тараз қаласы мен Байзақ ауданына трамадолды заңсыз өткізу мақсатында жеткізіп отырған өзара туыстық қатынастағы тұлғалар анықталды.

Қаладағы дәріханалардың бірінде жүргізілген тінту барысында заңсыз өткізуге арналған құрамында трамадол бар сұйықтық құйылған флакондар тәркіленді. Жамбыл облысы прокуратурасы

Аталған дерек бойынша ҚК-тің 297-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Көрсетілген құқық бұзушылыққа қатысы бар деген күдікпен Жамбыл облысының екі тумасы ұсталып, оларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта осы іске қатысы бар басқа да адамдарды анықтап, жауапкершілікке тарту мақсатында жедел-іздестіру және тергеу шаралары жалғасуда.

Қосымша, прокурорлық тексеріс нәтижесінде қалалық аурухалардың бірі науқастардың қажеттілігіне қарамастан сатып алмағаны анықталды.

Сондай-ақ, қаладағы емханалардың бірінде жүргізілген тексеру нәтижесімен трамадолды пайдалану бойынша тиісті есептің жүргізілмегені анықталды, бұл оның заңсыз айналымына алғышарттар жасайды.

Анықталған заң бұзушылықтарға бойынша полицямен ҚК-тің 303-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды.

Прокуратура органдары психотроптық пен есірткі заттардың айналымы саласындағы заңнаманы қатаң сақтау қажеттігін ескертеді және мұндай препараттардың қара нарыққа түсіп кетуінің алдын алу мақсатында медициналық мекемелерді оларды қолдануға қатысты есеп пен бақылауды күшейтуге шақырады. Жамбыл облысы прокуратурасы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: