Полиция алаяқтықпен айналысып жүрген күдіктінің ісін әшкереледі

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2025 15:29 Фото: Zakon.kz
32 жастағы Абай облысының тұрғыны алаяқтыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. Қарқаралы аудандық полиция бөліміне келіп түскен тұрғындардың арыздары алаяқтық схемасын әшкереледі.

Ол азаматтарға жеңіл жолмен ірі көлемде несие рәсімдеуге, сондай-ақ зейнетақы жинақтарына қол жеткізуге көмектесемін деп уәде берген.

Алайда бұл қызметі үшін азын-аулақ сыйақы талап етіп отырған. Тергеу барысында полицейлер 9 түрлі эпизодты біріктіріп, бір ғана қылмыстық іс қозғады.

Келтірілген шығын көлемі шамамен 12 миллион теңгені құрады. Күдікті азаматтардың сенімін пайдаланған. Көпшіліктің қаржысын иемденген әйел артынша байланысын үзіп отырған.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, тергеу изоляторында сот шешімін күтуде.

Жиналған дәлелдемелер оның қылмыстық әрекетке қатысын нақтылай түседі. Полиция азаматтарды заңсыз әрекеттерден сақ болуға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: