Маңғыстау облысында ауыл мектебінің төбесі опырылып жерге түскен
Сурет: Almaty.tv
Маңғыстау облысының Құрық ауылында мектеп төбесі опырылып түсті. Білім ошағының акт залында шамамен 250 шаршы метр болатын төбе конструкциясы құлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазір арнайы комиссия құрылып, оқиғаның себебі жан-жақты тексеріліп жатыр. Аталған жайт сағат 6:30 шамасында болған. Ал оқиға фактісі мектеп ішіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан төбені ұстап тұрған ағаш тіректердің сынып, акт залының күл-талқаны шыққанын байқауға болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Оқиға орнына арнайы мамандар шақырылып, апаттың нақты себебін анықтау үшін тексеріс жұмыстары жүріп жатыр. Мәселе облыс әкімінің бақылауында тұр. Облыс басшысының бірінші орынбасары Е. Ізбергеновпен комиссия құрылып, жұмыстар басталып кетті", – деді Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлбану Қызылғұлова.
Бұған дейін Таразда прокурорлар араласқан соң 147 мұғалімге артық жұмыс істеген күндеріне ақы төленгені хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript