Таразда прокурорлар араласқан соң 147 мұғалімге артық жұмыс істеген күндеріне ақы төленді
Сурет: freepik
Таразда прокуратура жүргізген тексеріс барысында қаладағы мектептердің 147 мұғаліміне мерекелік, демалыс және түнгі уақытта жұмыс істегені үшін үстемеақы төленбегені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Прокуратура жүргізген тексеру барысында Тараз қаласындағы орта мектептердің 147 мұғаліміне мерекелік, демалыс және түнгі уақытта жұмыс істегені үшін үстемеақы төленбегені және ұжымдық шарттың бұзылуымен байланысты Еңбек кодексі талаптарының бұзылғаны да анықталды.
"Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде мұғалімдерге жоғарыда аталған ақылары төленіп, бұл олардың конституциялық құқықтарын қорғауға ықпал етті. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі", делінген құзырлы ведомство хабарламасында.
Бұған дейін Таразда жұмыстан шығып қалған ер адам өз құқығын сотта қорғап, зауытқа қайта оралғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript