Энергетика министрлігінің қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталды – ҰҚК

Биыл 23 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысын ұстады., сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2025 16:51 Сурет: YouTube/knbgovkz
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) бүгін, 2025 жылғы 25 шілдеде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі қызметкерінің ұсталғаны туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған себеп – сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдік.

"Биыл 23 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысын ұстады." ҰҚК баспасөз қызметі

Ол жер қойнауын пайдаланушылардан жүйелі түрде материалдық пайда алуға мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлық схемасын ұйымдастырды деп күдіктелуде.

"Қазіргі уақытта осы адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) және 364-бабы 1-бөлігі (Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде." ҰҚК баспасөз қызметі

Қамауда ұстау бұлтартпау шарасы ретінде тағайындалды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге ақпараттары жария етуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: