Қарағандыда төрт қабатты ғимараттың бір бөлігі опырылып құлады

Төрт қабатты ғимарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2025 17:50 Сурет: Instagram/ekaraganda.kz
Қарағандыда 2025 жылдың 29 шілдесінде бос тұрған төрт қабатты ғимараттың қабырғасы жартылай опырылып түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады:

"Бүгін Қарағандыда, Қазыбек би ауданы, Ерубаев көшесі мекенжайында пайдалануға берілмеген төрт қабатты ғимараттың құрылымдары жартылай құлады. Алдын ала бүліну алаңы шамамен 150 шаршы метрді құрады. Қарағанды облысы ТЖД күшімен 15 адамды оқиға орнынан эвакуациялады. Олар оқыс оқиға кезінде ғимаратта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жүрген. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ".

Өңірлік ТЖД мәліметтері бойынша, төтенше оқиға орны қоршалған, қосымша тексеру және құлау себептерін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

2025 жылдың 24 шілдесінде Маңғыстау облысында мектептің акт залының төбесі опырылып түсіп, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: