Алматыда Қарғалы өзенін ластағандар іздестірілуде

Қарғалы өзені, Алматы, ластау, видео, іздеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2025 21:57 Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
4 тамызда Алматыда Жандосов көшесі мен Абай даңғылының арасындағы аумақта Қарғалы өзеніндегі судың түсі өзгергені байқалды. Алдын ала мәліметке сүйенсек, көпірден өзенге жасыл түсті химиялық зат төгілуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының мамандары оқиға орнын тексеріп шықты. Заттың құрамын анықтап, өзеннің қаншалықты ластанғанын білу үшін Экология департаменті мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары су сынамасын алып, зертханаға жіберді.

"5 тамызда Алматы қаласының Экология басқармасы, Наурызбай ауданы әкімдігі, Экология департаменті, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы бірлесіп, бұл жағдайдың себебін және кінәлі тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізбек", делінген хабарламада.

Қазіргі таңда өзен арнасындағы су табиғи арнасымен ағып жатыр, ластану мен түсінің өзгеру белгілері жоқ.

Бұған дейін қазақстандықтарға қоқыс өткізіп, табыс табуға мүмкіндік берілгені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: