Пәтерді жалға беретіні туралы жалған хабарландыру жариялап, тұрғындардың ақшасын жымқырған астаналық ұсталды

Полиция, задержание, арест, задержанный , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2025 16:56 Фото: Zakon.kz
Елордада 4-7 тамыз аралығында киберқылмыстардың жолын кесуге, олардың алдын алуға және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған "Контрафакт" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – интернет-алаяқтықтарды әшкерелеу.

Іс-шара барысында киберқылмыстарға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интернет-ресурстар арқылы жалған хабарландырулар орналастырып, қала аумағындағы пәтерлерді жалға беремін деп алдап, клиенттерден алдын ала төлемді банк картасына аударуды сұраған 34 жастағы азаматты анықтады.

Күдіктіден ұялы телефон мен банк карталары тәркіленді. Сондай-ақ оның осыған ұқсас тағы 10 алаяқтық эпизодқа қатысы бар екені анықталды.

Жалпы жыл басынан бері 7 ай ішінде 500-ден астам интернет-алаяқтық фактісі ашылған.

Осыған байланысты полиция азаматтарға сақ болуды ескертеді:

• Қызметтің шынайылығына көз жеткізбей, ақша аудармаңыз;

• Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;

• SMS-кодтарды және жеке деректерді, соның ішінде банк картаңыздың мәліметтерін үшінші тұлғаларға жария етпеңіз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: